[:kz]
Шахизаданың келіні ұл туып, әншіні үшінші мәрте әже атандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал әнші үшінші мәрте немерелі болды. Бұл туралы Шахизаданың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған. Өзі үлкен отбасында туып-өскен өнер иесі қуанышын жасыра алмай, сүйінші сұраған. Осылайша әнші немерелерінің қатары толыққанын жеткізген болатын.
«Алақай, Диярым бүгін туылды. Үшінші немерем жарық дүниеге келіп, бәрімізді қуантып жатыр. Аллаға мыңда бір шүкір. Диярымның, немерелерімнің жастары ұзақ болып, сіз бен бізді қуантып жүре берсін», — дейіді Шахизада.
Кішкентай атұстарға Дияр есімі берілгені белгілі болды. Ол өзі көп балалы ана атана алмаса да, үш немересі бар екенін айтып мақтанды. Шахизада осындай бақыт сыйлаған балаларына алғыс айтып, мұндай жақсылықты жұрттың барлығына тілейтінін айтты.
«Мен үлкен жанұяда туып-өскен қызбын. Көп балалы ана болсам екен деп армандадым. Бірақ Алла тағала маған бір бала ғана сыйлады. Шүкіршілік еттім. Міне енді сол Олжасымнан үшінші немерем туылып жатыр. Бақытқа бөлеп жатқан балаларыма рахмет. Сіздерге жұғысты болсын», — дейді Шахизада.
[:]