АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ұшақ апатында қаза тапқан азаматтың аттасы ғаламторда дүрбелең тудырды

Фото: tengrinews.kzОсы уақытта Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан Асқар Ескендіровтің нағыз аттасы, яғни аты мен тегі бір азамат әлеуметтік желілерінің біріне аман-сау екендігін жазып, суретін ғаламтор бетіне салған.

Белгілі болғандай, көз жұмған Асқар мен мына азаматтың аты да тегі де бір болып шыққан. Бірақ бұл азамат апаттан көз жұмған Асқардан екі жас үлкен екен.

Асқар Ескендіровтің «мен аман саумын» деген жазбасын көрген жұртшылық ол ұшақ рейсіне үлгермей, аман қалды деп түсінген алғашқыда. Сондықтан да болар қазақстандықтар оны құттықтап, рейске кешіккенің дұрыс болды деп, ұзақ ғұмыр тілесіп жатты.

Алайда, Асқардың ол күні Алматыға ұшу жоспарында болмағаны, ол тек қайғылы апаттан көз жұмған марқұмның аттасы болып шыққаны белгілі болды. Қазір ол әлеуметтік желідегі өз парақшасын жойып тастаған.

Источник: 31 канал