АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үшаралға ұшқан жолаушы Үржарға бір-ақ қонған[:]

[:kz]

Үшаралға барамын деп жиналған мүмкіндігі шектеулі жолаушы ойда-жоқта Үржарға тап болған. Бұған әуе кемесіне жолаушыны шатастырып отырғызып жіберген әуейжай қызметкері себеп болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

 

Оқиға екінші шілдеде болған, алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. Қазақстандықты рейске елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері шығарып салған.

«Үшарал мен Үржар қаласына ұшатын ұшақтардың тұрағы бір-біріне жақын орналасуына байланысты әуежай қызметкері тұрақты шатастырып, жолаушыны Үржарға баратын рейске отырғызып жіберген», — деп хабарлады «Южное небо» әуе компаниясы.

Сонымен қатар әуе компаниясы Үржар қаласына келгеннен кейін жолаушыға Үшарал қаласына дейін дәрігердің бақылауымен трансфер ұсынылғанын және жолаушыдан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайтынын айтты.

Ал жолаушыны қабылдаған «Южное небо» компаниясының қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолданылмақ.

Айта кетейік, Үшарал – Алматы облысының Алакөл ауданының орталығы. Үржар – Үржар ауданының әкімшілік орталығы және Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылдық округі. Елді мекендер арасындағы қашықтық – шамамен 200 шақырым.

[:]