АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Үстіне секірді, қабырғалары, тісі сынған». Түркістан облысында ер адам әйелін өлгенше сабаған[:]

[:kz]

 

Түркістан облысында ер адам әйелін төрт баланың көзінше ұрып өлтірді, — деп хабарлайды OTYRARға сілтеме  жасаған 

kaz.tengrinews.kz

Оқиға 29 сәуірге қараған түні болған. Полицияға марқұмның жасөспірім қызы хабар берген.

«Бұл дерек Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Алынған заттай айғақ сараптамаға жіберілді. Күдікті өз әрекетін мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деді ПД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат Ордабасы ауданының тұрғыны. Ер адам полиция бөлімшесіне тіркелмеген. Сол күнге дейін көрші-қолаңнан, туыстардан айғай-шу туралы ешқандай арыз-шағым түспеген.

Қайғылы жағдайдан кейін ерлі-зайыптының екеуінің де ата-анасы кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына аламыз деп отыр.

Бұл ретте КТК телеарнасы мәліметі бойынша, әйелдің қызы анасын құтқаруды өтініп, төрт рет полицияға хабарласқан. Көмек 40 минуттан кейін ғана келген. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

«Аузына коньяк құйды. Сосын сол бос бөтелкені қызымның басына сындырды. Үйден моншаға шашынан сүйреп апарды. Басында шаш қалмады. Тістері сынған. Үстіне секірді, іші түгел зақымдалған, қабырғалары сынған», — дейді марқұмның анасы Қаламқас Сартаева.

 

 

[:]