[:kz]
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС (Утильсбор — автор) басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады деп хабарлайды oinet.kz ақпараттық порталы
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұсталғанын растайды», — делінген хабарламада.
[:]