[:kz]
Жанерке мен Ақмарал Елшіннің ұйымдастырған гив ойыны көптің қызу талқысына түсті. Көлік ұтқан қатысушы ешқандай ұтыс алмағанын айтып, видео үндеу жолдады. Ал Жанерке мен Ақмарал өздерінің де алданғанын айтып ақталды. Бұл ретте ұтыс ұйымдастырышусы өз ақиқатын айтты.
Гив ойынын ұйымдастырған Нұрлыбек есімді азамат желіге үндеу жолдады. Ол өзінің кінәлі емес екенін айтты.
«Қараша айында мен Ақмаралмен ГИВ өткізу жайлы, қызмет көрсетуге арналған келісім шартқа отырдық.
Ол үшін мен оған 10.000.000 теңге төлеп, өзіме алған міндеттемені толығымен орындаған едім!
Арамызда көлік туралы ешқандай келісім болмаған!
Келісім шартпен ол көзделмеген және ол жайлы ертен бөлек пост шығарып видеоға бәрін көрсетуіме тура келді.
5 күндік ГИВ үшін 10 млн тенге алып, мені бүкіл халықтын көзінше алаяқ атандырып болған блогерлер, енді Жанна ханымды алдап видео түсірткізіп жатыр», — деді Нұрлыбек.
Нұрлыбек кінәсіз болса да өзін алаяқ деп атағаны үшін Жанерке мен Ақмаралдың атына арыз жазған. Ол үшін жауапқа тартылғанын қалайды. Одан бөлек келісім шарттың мәтінін жариялап, өзінің көлік беруге міндеттелмегенін атап көрсетті.
«Ол ГИВ аяқталғаннан кейін блогерлер АВТО цонга сол Хюндай Акцентпен барып, жеңімпаз Жаннамен бірге видео түсіріп және оның ұтыс ретінде автокөлікті емес, ақшалай ұтысты таңдағанын хабарлады. Олар сол көлікті апарғаны және ақшалай 1 млн теңге соманы бергені жайлы мен тек жақында ғана естідім.
Қантардың 13-не дейін маған ешкім хабарласпады. Жанна мен Ақмарал бір бірімен не келісіп не шешкенін де білмеген болатынмын, өйткені ол маған қатысты емес еді», — деді ол.
Нұрлыбек өзін шоумін жігіттің қорқытып жүргенін айтты. Тіпті үйіне іздеп келіп, адам жіберіп қорқытпақ болған.
«Кейін Жаннаның қатысуымен видео шыққаннан кейін, 13 қаңтар күні маған Руслан деген кісі хабарласып, Ақмаралдың адвокатымын деп, менімен кездесу керектігін айтқан еді. Мен кездесуден бас тартқаннан кейін, олар маған өзіме бейтаныс 777 нөмірлі мерседес маркалы автокөлікпен үш адамды жіберді.
Ол адамдар мені қорқыту мақсатында ма жоқ ұру мақсатында ма, үйіме келіп, мен үйде болмағандықтан біраз күтіп қайтып кеткен еді.
Ертеніңде, яғни 14 желтоқсан күні, түнгі сағат 23:00 таяу, үйіме аса ауыр қылмыс не бір адамды өлтірген қылмыскерге келіп тұрғандай үш полиция қызметкері келіп, ешқандай құжатсыз мені қалалық полиция департаментіне алып кетті.
Ол жерде бізді Ақмарал, оның апкесі Мақпал, адвокаты және тағы да бір Руслан есімді азамат қарсы алды», — деді Нұрлыбек.
Оның пікірінше, өзін қорқытып-үркітіп жүрген Ысқақов Руслан шоумен, асаба жігіт екен.
Бұған дейін Жанна есімді келіншек блогер Жанерке мен Ақмарал Елшінді кінәлады. Гив ойнап, ұтқан көлігін ала алмай жүргенін айтты. Жанерке байқаудың ұйымдастырушыларына өзі де алданғанын айтып ақталды.
Біршама уақыттан соң Жанна мен Ақмарал, Жанерке Елшіндер татуласқанын айтып, көпшілік алдына бірге шықты.
Жақын күндері гив ұйымдастырушы Ермұрат желіде кешірім, сұрап кінәсін мойындағаны туралы видео тарады.
[:]