АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай!»: ақша үшін жанын аямаған жұрт көшеге шықты[:]

[:kz]

«Жанталасып алған 42500 теңге түскен кезде, сол ақшаны жарататын адам аман болуы керек қой», — дейді Ирина Советжанқызы.

Журналист Ирина Советжанқызы facebook парақшасына әлдебір мекеменің кіреберісінде ішке қарай ентелеп, иінтірескен халықтың видеосын жариялады. Әлгі 42500 теңге үшін қазіргі қауіпсіздік шарасын ұмытқан қара нөпірдің жартысы маска тақпаса, жартысы онысын иегіне сырғыта салып, айқайға басып жүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«42500 теңге жанымыздан артық болып кетті. Карантин басқа елдердегідей 10-15 мыңдап адам шығыны болмас үшін жасалған еді. Құдалық жасама деп жүргенде, мынадай адам нөпіріне тап келдік.

Вирус жұқтырғандардың саны көбейсе, емдейтін дәрігер, жататын аурухана да жетпей қалатынын неге түсінбей жатырмыз? Жанталасып алған 42500 теңге түскен кезде, сол ақшаны жарататын адам аман болуы керек қой.

Ал мына кезекте бір covid анықталған адам жүрсе, ақыры не болады? Бұл вирус мутацияға ұшырап, белгісі білінбей келіп жатыр. Диагноз қойылған адамдардан сұраңыздар, көбінде белгісі жоқ. Абай болыңыздар, үйден шықпаңыздаршы!» — дейді жазба авторы.

Осы орайда, кеңсеге күзетшіні таптап өтіп кіргелі тұрған, «тиын-тебен үшін өлуге дайын» ағайынды оқырмандар да жақтырмауда.

«Ұят-ай. Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай! Басқа сөз жоқ!», «Дәл осылай сол ақшаны алмай-ақ қойдым», «Өліп кетер ме екен сонша? Тура «Обитель зладағы» зомбилар секілді болып кетті ғой бұлар», «Масқара», «Сол 42500-ді бекер шығарды. Шығарса да карантиннен соң беру керек еді» десті олар.

[:]