АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Вадим Ананьев Ту-154 ұшағына неліктен отырмағанын айтып берді [:]

[:kz]

bez-nazvaniyaТу-154 ұшағы 25 желтоқсанда таң ертең Сочи жанындағы әуежайда әуеге көтерілгеннен кейін радардан жоқ болып кеткен деп хабарлайды kp.ru. Одан кейін құлап түсті. «Ұшақтың ішінде менің достарым, әріптестерім болды. Олар концерт беріп, қайтып келуі керек еді. Мен әзірше ештеңе айта алмаймын. Өзім отбасылық жағдайларыма байланысты бармаған едім. Жақында менің балам дүниеге келді. Отбасындағы үшінші бала. Сондықтан әйеліме көмектесу үшін үйде қалғанмын». Академиялық ансамбльдің құрамында 186 әртіс бар. Олар ерлер хоры, оркестр және бишілер тобы. Ансамбль хоры бірнеше рет әлемдегі ең үздік хор ретінде танылған. Қазір Ресейдегі ең үлкен әскери көркемдік топ болып табылады. Ансамбльді Мәскеу консерваториясының профессоры, КСРО халық әртісі, композитор Александр Александров құрған. Топ ең алғаш рет 1928 жылы сахнаға шықты. Ұлы Отан соғысы кезінде ансамбль 1500 рет фронтта өнер көрсетті. Бейбітшілік кезінде олар Ауғанстан, Югославия, Тәжікстан, Шешенстан Республикасында концерт жасаған. Бірнеше мәрте Ресейде және шет елде түрлі марапаттарға ие болды.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/14087

[:]