АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Вахтаға кетерміз»: Асхат Тарғын шоу бизнестен кетуді жоспарлап жүр ме? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Иә, жылдар бойы «чип-чип-чип» деп, Мария Магдаленамен қалтасын майлаған Асхат мырза, той-бизнеске тоқтау салынса, айналысар іс табатынына сенімді.

Кинопродюсер Құралай Анарбекованың шоу-бизнес өкілдерінің тойсыз өмірі жайлы таспалаған комедиясы жақында жарыққа шығады, деп хабарлайды Shownews.kz.ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы 

«Бұдан былай той жасауға ресми түрде тыйым салынады». Иә, шынтуайтында бұл тек Құралай Анарбекова түсірген кезекті фильмнің желісі. Ал егер расында заң жүзінде той-бизнесі тоқтатылса, отандық әншілер қайтпек?

«Шынымен де тоқтау салып жатқан жағдайда, екі қолға бір күрек табылады ғой. Басқа салада жұмыс жасауымыз мүмкін. Вахтаға кетерміз, мүмкін бизнес саласына бет бұрамыз. Оны әлі ойланбадым», – дейді Асхат Тарғын.

Иә, жылдар бойы «чип-чип-чип» деп, Мария Магдаленамен қалтасын майлаған Асхат мырза, той-бизнеске тоқтау салынса, айналысар іс табатынына сенімді. Ал Нұржан Керменбаев әріптесінің сөзімен келіспейді. Қара бала тойға тыйым салынудың салдары халыққа тие ме деп қорқады.

«Әрине, егер елімізде той тоқтап қалатын болса, бәріміз үшін өкінішті болады. Той бірақ халықтың қазынасы ғой. Олай болмайды деген ойдамыз. Бұл сферада тек әншілер емес, қаншама адамдар, тойхананың басшыларынан бастап даяшылары, ыдыс жуушы, аспазға дейін нанын тауып отыр. Сондықтан бұл той сферасы жабылатын болса, қаншама адам жұмыссыз қалады», – деді Нұржан Керменбаев.

Иә, төтенше жағдайда тойға тыйым салынды. Отандық әншілер негізгі табысынан қағылды. Дәл осындай сәттің боларын Құралай Анарбекованың командасы алдын-ала болжап білгендей, шоу-бизнес өкілдерінің тойсыз өмірі жайлы кино түсірген еді.

«Аға, сізге арнайы жазылған эпизод бар еді. Түсесіз бе, деп ұсыныс білдірген болатын. Азын-аулақ гонорары бар екен. Мен актер емеспін. Қалай болар екен деп едім. Бұл жерде жартысынан көбі актер емес, әншілердің бәрі түсіп жатыр. Сізге жазылған роль бар деген соң келістім», – дейді Асхат.

«Гонорарым бір жылқының құны десем, қателеспейтін шығармын. Бір байқағаным, мені тизерге де қоспаған. Қандай себептермен екенін білмеймін. Бірақ кейін қызық болатын шығар мүмкін. Аяқ астынан шығып, бүкіл залды күлдіретін кадрлар болады ғой. Сондай оймен мені көрсетпеген шығар деп ойлаймын», – дейді қара бала.

Әйтсе де кіл әншіге бір жылқының құнындай қаламақы төлеген  Құралай Анарбекова, қалтасының жұқарғанына бас қатырмайды. Сапалы фильм үшін кинопродюсер, әр актердың тілегін орындауға әзір.

«Бізге олардың гонорары, қаражаты ешқандай әсер еткен жоқ. Өйткені жақсы актер ойнау үшін өзінің сұраған ақшасын бересің. Өйткені олар үш ай бойы өздерінің өмірін осы фильмге арнайды. Сол уақытта қалай да өмір сүру керек қой», – дейді  Құралай Анарбекова.

Айта кетейік, егер елде карантин режимі тоқтатылса, «Тойхана» комедиясы 1 шілде күні үлкен экранға жол тартады.аның шоу-бизнес өкілдерінің тойсыз өмірі жайлы таспалаған комедиясы жақында жарыққа шығады, деп хабарлайды Shownews.kz

[:]