АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Вакцина алмаған қазақстандықтардың жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіруіне тыйым салынбақ[:]

[:kz]

 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына “жасыл” мәртебесі барларды ғана кіргізуді қарастыруда. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда Ashyq жүйесіне 23 214 мекеме мен ұйым қосылды, жарты жылда олардың саны 13 есе өскен. 

 

Сондай-ақ, оның айтуынша қазір 479 нысан жүйеде көшбасшы болып тұр. QR-код бойынша келушілер саны аз болған 3 044 қатысушы жүйеден шығарылды. 

«Қазір бас санитар дәрігердің №47 қаулысы бойынша «жасыл» статусы бар тұлғалар нысандарға бара алады. Жақында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысында қолдану ұсынылды. Яғни сауда және ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» статусы бар адамдарды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. «Атамекен» бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады, өйткені сауда орталықтарында көптеген кәсіпкер жұмыс істейді», — дейді Салтанат Лесбаева.

Ол сондай-ақ сауда орталықтарында кірісі төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері бар екенін айтып, бұл мәселенің денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе шешілетінін жеткізді.

[:]