АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды[:]

[:kz]

 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырғандар арасында 104 адам СOVID-19 жұқтырған. Бұл ретте ведомство өкілдері барлық пациент вирусты вакцинация кезеңінде жұқтырғанын атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз вакцинациядан кейін, бірінші және екіншісі компоненттен кейінгі сырқаттанушылыққа міндетті түрде мониторинг жүргіземіз. Жалпы еліміз бойынша бірінші компоненттен кейін аурудың 541 жағдайы тіркелді. Екінші компоненттен кейін — 104 жағдай», — деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Ол бұл ақпаратты «дұрыс түсіндіру керек» екенін айтты. Себебі бұл адамдар инкубация кезеңінде — 14 күн ішінде ауырған.

«Яғни, олар жұқтырған соң барып вакцина салдырған», — деді Есмағамбетова.

 

«Біз «Спутник V»-ның тиімділігі 92 пайыз екенін білеміз. Қалған сегіз пайызында иммундық жауап болмайды делінді.

Статистика вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді, бірақ ешкім вакцина аурудан 100 пайыз қорғайды деп айтпады, айтпайды да», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

 

[:]