АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Вакцина салдырмағандарды базарға кіргізбей жатыр»: Қызылорда облысының әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді[:]

[:kz]

 

Қызылордада базарға коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарды кіргізбей жатыр. Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат пайда болды. Облыстық әкімдік видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған видеодан бір топ адамдар кезекте тұрғанын көруге болады.

 

«Базарды жауып тастады. Вакцина салсын дейді», — деді видео авторы.

Қызылорда облысының әкімдігі базарға вакцина салдырмағандарды кіргізбеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта қалалық емханаларда вакцинациялау үшін мобильді топтар құрылды. Сондай мобильді топтардың бірі бүгін Қорқыт Ата сауда үйінде вакцинация жүргізді.

Бұл вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Айта кету керек, вакцинация алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, біз «вакцинасыз базарға кіруге болмайды» деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта сатып алушыларда еркін сауда жасауға барлық мүмкіндіктер бар», — деп мәлімдеді ведомствода.

[:]