[:kz]
Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева кезекті әрекетімен халық сынына ұшырады. Бұл жолы бойжеткен ваннаға аяқ киіммен түскені үшін елден оңбай сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жолдыбаева Instagram желісінде тағы да шу тудырды. Өнер иесі жариялаған соңғы видео көпшілік көңілінен шықпай, аяусыз сынға тап болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Онда бойжеткен ашық образы мен аяқ киіммен суға толы ваннаға түскен. Желі қолданушыларына актрисаның қылығы тым ерсі көрінген. Олар кіші Жолдыбаеваға қатысты бар ойын атышулы бейнежазбаның астында жеткізген. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі оның әрекетін құптамаған болып шықты.
«Туфлимен ваннаға кім түседі?», «Ұяттан жұрдай, аяғын жалтыратып бітті» , «Болашақ анасыз ғой, суық суға түспесеңізші» , «Сурет үшін жанын береді» , «Ерсі көрінеді екен» , -деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін мінсіз мүсінін паш еткен Мақпал Исабекова ерлер қауымын естен тандырды. Өнер иесі купальникпен жатқан фотосын жариялаған. Ер азаматтар оған бірінен соң бірі пікір қалдырып, кейбірі тіпті өз махаббатын білдіруден де жасқанбаған.
Оған қоса, ақ халатпен гүл суарып жүрген Өмірқұл Айниязов та желіде қызу талқыға түсті.
Үнемі классика немесе қазақи нақыштағы киіммен жүретін әншінің үй жайындағы образы оның жанкүйерлерін аса қатты қызықтырған. Олар эстрада жұлдызы киноның түсірілімінде жүргендей кейіп танытқанына тәнті болды.
Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!
[:]