[:kz]
«Арбатта» қыдырып келе жатсақ, екі қазақ жігіті қазақтың бір әдемі қызына комплимент айтып тұр екен. Қасынан өтіп бара жатыр едім, біреуі қызға орысшалап: «Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»,- деп елге естіртіп тұрып айтты. Ана қызда да ес жоқ, соны мақтан көріп тұр. Әлгі жігіттің сөзіне мен ұялып, ол емес, мен намыстандым. Әдемілікті қазаққа қимайтын не тәлпіштік десеңші.. Қазақ сұлу емес, қазақ жалқау, қазақ бәленше, түгенше деген психологияны қоғамға жайып жатқандай болып көрінді. «Ем қонбайды-ау, бұларға…» деп, үндемей өтіп кеттім жанынан…
Жолымбет Мәкіш,
facebook парақшасынан
[:]