[:kz]
Атырау тұрғыны енесін балағаттағаны үшін қамауға алынды
Атырау облысында енесін «WhatsApp» арқылы балағаттаған тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Б. 2019 жылдың қаңтар айында «WhatsApp» желісі арқылы енесінің тыныштығын бұзып, былапыт сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасаған, деп хабарлады Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.
Махамбет аудандық сотында Б. өз кінәсін толық мойындады, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Сот отырысында жәбірленуші құқық бұзушы Б.-ға кешірім бермейтінін айтып, оны заң талаптарына сай жауапкершілікке тартуды сұрады.
Сот құқық бұзушы Б.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
sputniknews.kz
[:]