[:kz]
WhatsApp құрастырушылары мессенджердің тағы бір мүмкіндігін қосты.
Дыбыстық хабарлама жіберу енді push-to-talk жүйесі арқылы жазылады. Қолданушылар дауыстық хабарламаны түймені баспай-ақ жібере алады. Сондай-ақ дыбыстық жазбаны белгілі бір уақыт аралығында емес, қалағанынша жаза алады.
Нүктені басқан соң экранда құлыптың белгісі шығады. Ол нүктені басып тұру керек емес дегенді білдіреді.
Одан бөлек дыбыстық хабарлама жазып жатқанда өзгелерден келген хабарламаны қарау мүмкіндігі болады. Алайда оларға жауап жазып, не дыбыстық хабарлама жолдай алмайсыз. Ондай жағдайда алдыңғы жазбаңыз өшіп кетеді.
Источник: Stan.kz
[:]