[:kz]
Әлеуметтік желіде Атырауда жұмысшылардың көтеріліске шыққаны туралы видео тарады. Аталған өңірдің әкімдігі жұмысшылардың әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Аталған шағын аудан Құлсары қаласы Жылыой ауданынан 120 км қашықтықта орналасқан.
Жұмысшылардың наразылығы Ливияның Eli Daoud есімді азаматының WhatsАpp желісіне қойған суретімен байланысты екені белгілі болды. Аталған суретте Eli Daoud және бір қыздың бейнесі тұр. Ер адамның қолында рация, ал оның антеннасы қыздың аузына қарай бұрылған.
«Оқиға орнында аудан прокуроры мен барлық тиісті өкілетті орган қызметкерлері жүр. Жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі, полиция департаменті мен ҰҚК департаментінің басшылары ұшып шықты. Жұмысшылардың қауіпсіздігін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етіп отыр», — деді Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Серік Ерментаев.
[:]