[:kz]
Жақында африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Зайда Жаңабаева желідегі оқырман сұрақтарына жауап берді. Әсіресе, ол «нигериялық жігіттер қандай?» деген сауалға кеңінен тоқталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Нигериялық жігіттер қандай?». Осы сұрақты жиі қойып жатыр. Әлі үйренісе қойған жоқпын. Мен күйеуіме қарап, барлық нигериялық жігіттер туралы айта алмаймын. Мен тек жарымды сипаттап берейін. Қарым-қатынасқа байланысты тәжірибем көп емес. Сондықтан, ешкіммен салыстыра алмаймын. «Менің күйеуім мені бірінші жібермей, ешқандай есікке кірмеді (көлік, үй, ресторан, бөлме). Ол менің ауыр зат көтергенімен қарсы. Тіпті, кейде менің сумкамды да ұстайды. Өйткені, оған басқалардың не ойлайтыны бәрібір. (денелі ересек адамның әйелдер сумкасын ұстап алғанын елестетіңізші).
Ол бәрін де байқайды. Жаңа шаш қыстырғыш сатып алсам да, шашымды өзгертсем де, маникюр жасасам да, ол бәрін көріп, мақтап отырады.
Ол ас ішкен соң ешқашан столдан тұрып кетіп қалмайды. Столды жинастырып, ыдыстарды жуады. Кейде менің көмектесуіме де жол бермейді. Одан да қасында әңгіме айтып отырғанымды қалайды. Үйде менен жақсы жинайды. Мен тамақ дайындағанды жақсы көрем. Ол тамақ жегенде үнемі мақтап, рахмет айтып, сүймей кетпейді. Оның өзі де тамақты дәмді дайындайды. Осыған байланысты бізде айғай-ұрыс болып, ыдыс-аяқ сылдырлаған емес. Бізде мұндай жоқ», — деп жазды Зайда
. Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық Зайда Жаңабаеваның ұзату тойында айтқан сыңсу әні туралы жариялаған болатынбыз. Зайданың ұзатудағы әні көпшіліктің жүрегін елжіретті. Сондай-ақ, Зайда болашақ жұбайымен қалай танысқанын да айтып берді.
[:]