АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ыстық сумен клизма жасалған бала 19 күндік емнен кейін үйіне қайтты[:]

[:kz]

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығында емделген бала үйіне шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсы екенін, күйген жаралары толығымен сауығып кеткенін және баланың денсаулығына ұзақ мерзімді салдары болмайтынын айтты.

Бала 19 күн бойы ем алған, қазіргі жағдайы жақсы, дене қызуы жоқ, тәбеті жақсы дейді дәрігерлер. Еске сала кетсек, 28 – наурызда 10 айлық балаға медбике температурасы 70 градус ыстық сумен клизма жасап, күйдіріп қойған болатын. Бала бастапқыда ЖРВИ диагнозымен қабылданған. Аурухананың бас дәрігеріне айыппұл салынды.

Tengrinews.kz.

 

 

[:]