АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ыстықкөлдегі әйгілі шипажайды экс-қызметкерлердің туыстары басып алуға тырысты[:]

[:kz]

 

 

Ыстықкөлдегі әйгілі «Аврора» санаторийін экс-қызметкерлердің туыстары басып алуға тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Милиция басқыншыларды таратып жіберді. Аталған ақпаратты Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасы растады.

Ведомствоның мәліметіне, бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлердің туыстары демалыс аймағына кіріп, директордың кетуін талап ете бастағанын атап өтті. Полицейлер жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға әрекеттері заңсыз екенін және тек сот арқылы жұмысқа қайта орала алатыннын түсіндірді.

Нәтижесінде наразылық білдірушілер пансионаттан кетті. «Аврораны» өңірдің ішкі істер басқармасының қызметкерлері күзетке алды.

[:]