[:kz]
ЮНЕСКО борщты украин тағамы деп танып, оны материалдық емес мәдени мұра ретінде қорғауға алды. Бұл туралы елдің Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Украиналық борщты әзірлеу мәдениеті шұғыл қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді»,– делінген құжатта.
Ткаченко Украина борщы мен оның мәзірін басқа да өркениетті елдермен бөлісуге дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2021 жылы Google борщты тарихқа енген ресейлік он тағамның тізіміне енгізген еді.
[:]