[:kz]
2008 жылы өнерге алғаш қадам басқан, үш жігіттен құралған «Сәт» триосы көптің назарына бірден ілікті. Дегенмен олардың шығрмашылығы ұзаққа бармады. Топтың әншісі Тұрардың анасы продюсердің талаптарымен келіспей ұлын жігіттерден бөліп алған деп жазады «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Студияға топтың бұрынғы мүшесі Азат анасы және кішкентай бауырымен келген. Әшінің айтуынша, ол бүгінде жеке шығармашылығымен айналысып жүр. Ол өзінің негізгі табыс көзі жоқ екенін айтады. Сөзінше, оны тойға шақырмайды, ал концерттен қаржы бірде түседі, бірде мүлдем ақша жоқ болып қалады екен.
«Өкінішке орай тойға тапсырыс түспейді, концерттерге шығамын. Әкімдіктерге барып, көмектесіп жіберсеңіздер десек, адамдарға күштеп билет сата алмаймыз дейді. Сосын амал жоқ, бірде болады, бірде болмайды», — деді Азат.
Бағдарламаға топтың бұрынғы мүшесі Тұрар анасымен келді. Ол да өзінің жеке шығармашылығымен айналысуда. Өзі концерттер беріп, клип түсіріп үлгерген.
Топтың тарауына бірден-бір себепші Тұрардың анасы болған. Баласы қараусыз қалады деп қорыққан ол, ұлын топтан шығарып алған.
«Тұрарды топтан мен шығарып алдым. Оны ешкімге сеніп тапсыра алмадым. Саханаға шыққанда бір шетінен қатты қуандым, бір жағынан қатты қорықтым», — дейді анасы.
Сонымен қатар әйелді продюсердің балаларының өнер көрсеткені үшін берген ақшасы қанағаттандырмаған.
«Бірінші концерті Шымкентте ұйымдастырылды. Оған Азаттың, Сапарбайдың мамасын шақырды. Концерт екі мезгіл болды. Адам өте көп болды. Содан үйде күттік. Нұржан келмеді. Бізбен байланысқа шықпады. Бір аптадан кейін келді. Сөйтіп, бірінші концертке деп 20 мың теңге берді.
Мен сол кезде есеміз бар адамбыз ғой. Екі концертте билетті 1000 теңгеден сатқанның өзінде, сонша адам соған 20 мың ғана бересің ба деп едім, Нұржан қарыз болып шықтым деді. 200 мың залдың ақысы, жарық пен суға, телеарнаға, әншілерге бердім деп қағазын көрсетті. Мен айтқанмын, концерттен кейін жазып, маған көрсететін боласың деп», — деді Тұрардың анасы.
Осындай қаржылық мәселелерге байланысты Айгүл баласын триодан бөліп алған. Ал топтың үшінші қатысушысы Сапарбай бүгін Атырау қаласында. Үйленген, екі қызы бар.
«Сәт» триосы қайда кетті деп, біздің жағдайымызды біліп жатқандарыңызға рахмет. Бүгін осы студияға келуім керек еді. Бірақ концертке дайындық, сапар болған соң бағдарламада бола алмай отырмын. Дегенмен, мен және менің жүрегім әрқашан сіздермен бірге. Екінші әкем Нұржан Қожабековке алғысымды айтамын», — деді Сапарбай.
[:]