АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Заманбек Нұрқаділовтың қарындасы баспаналы болды (видео) [:]

[:kz]

 

OINET.KZ — Кезінде Алматы қаласын басқарған Заманбек Нұрқаділовтың туған қарындасы Рая апай үй-күйсіз қаңғып жүргені туралы жазған едік.

— Біз қазір Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында тұрамыз. Қолымда екінші топтағы мүгедек анам Рая Қалабаева бар. Анам — Заманбек Нұрқаділовтың туған қарындасы. Анама 2018 жылы жүрегіне ота жасалған, анам ұмытшақ ауруына шалдығып, өз-өзін жоғалтып алды. Қазір төсек тартып жатыр. Мүлдем жүре алмайды, сөйлей алмайды. Анам 71-де. Басымызда баспана жоқ. Өкінішке қарай, анам мен әкем ажырасып кеткен, — деген болатын Әсел Қалабаева «Ит өмір» бағдарламасында. Сол бағдарламадан кейін халық Әсел Қалабаеваның есепшотына қаржы аудара бастады.

Осы уақытқа дейін қанша қаржы жиналды? Бұл туралы Әсел Қалабаева «Ит өмір» бағдарламасының жалғасында хабарлады. — Қазақ халқына деген ризашылыға шексіз. Қазақ халқының рухы мықты екеніне көз жеткіздім. Өмірде жанашыр, мейірімді жандар көп екен. Бізге жылы пейілдерін білдірген, жанашырлықтарын танытқан азаматтарға рахмет айтқым келеді. Осылай баспаналы болып отырғанымыз ең бірінші Алланың, одан кейін халықтың арқасы. Қуанышымды жеткізе алмай отырмын, — деді Әсел Қалабаева.  — Алғашқы күні шотыма 7,5 млн теңге түсті. Қазір 10,2 млн теңгедей жиналды. Сонымен қатар, ауданымыздағы азаматтар да көмек көрсетті, — дейді ол.  Осы қаржыға олар баспана алды. Талай жылғы арманына жеткен Қалабаевтар отбасы қазіргі таңда қуаныштары қойындары сыймай отыр. Бұхарбай Парманов «показухаға» құмар әкім бе?

www.oinet.kz/

[:]