[:kz]
Желіде Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның күзет басышысы орынбасары генерал Сутхида Тиджаймен неке қию рәсімінің үзінділері жарияланды. Үйлену тойы көне дәстүрлерге сай өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bangkokpost.com
Неке қию рәсімінің үзіндісі барлық тайлық телеарналардың корольдік жаңалықтарында көрсетілді. Жақында видео әлеуметтік желіге тарап кетті.
Фото: bangkokpost.com
Рәсімнің басым бөлігін болашақ патшайым жерде, күйеу жігіттің аяқ жағында жатып өткізді. Бұл уақытта король бірнеше жоралғыны жасап жатқан еді.
Фото: Видеодан кадр
Тайлық салт-дәстүрден хабары жоқ желі қолданушылары бұл іс-әрекеттерді көріп, жағаларын ұстады. Көпшілік мұндай рәсімді әйел адам үшін қорлық деп санады.
Фото: Видеодан кадр
Таиландта король құдай іспеттес жан болып есептелгендіктен, барлық ресми іс-шараларда ол өзгелерден биік тұруы тиіс екен.
Фото: bangkokpost.com
Естеріңізге сала кетсек, Вачиралонгкорн таққа әкесі өлгеннен кейін, яғни, 2016 жылы отырды.
Ол — 1782 Бірінші Рама таққа отырғаннан кейін құрылған Чакри династиясының оныншы мүшесі. Король үш рет үйленіп үлгерген. Алайда оның алғашқы некелері ажырасумен аяқталған.
[:]