АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Заң қоғамдағы кеселдің емі болсын[:]

[:kz]

31197-212-za_o_amda_y_keseld_e_ruМәжілісте өткен кешегі парламенттік тыңдау қолданыстағы заңдардың, кодекстердің өзгеруіне ықпал етуі ықтимал.

Жиында сөз сөйлеген палата төрағасы Нұрлан Нығматулин қылмыстық әділет саласындағы ұлттық заңнамаларды жаңғырту мәселелері бойынша келелі кеңес пен ұтымды ой-ұсыныстар айтты. Олар құқық қорғау органдары тарапынан қызу қолдау тапты.

Парламенттік тыңдауға «Қыл­мыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңна­масын одан әрі жаңғырту» тақы­рыбы арқау болды. Нұрлан Зай­роллаұлы заң шығару үдерісінде де, сондай-ақ құқық қолдану тә­жірибесіне мониторинг жүргізуде де Парламент депутаттарының құзырлы органдармен және аза­мат­тық қоғаммен өзара тығыз ынтымақтастығын жақтап шықты. 
– Құқық қорғау органдары, қоғам өкілдері, сарапшылар Қыл­мыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару ко­декстерін қолдану саласындағы бірқатар түйткілді мәселелерді атап көрсетеді. Сондықтан осы бағыттағы заңнаманы жаңғырту, оның құқық қорғау әлеуетін күшейту бойынша алда тұрған жұмыс кезінде уәкілетті органдар келесі мәселелерге назар аударуы қажет деп санаймыз. Біріншіден, бұл кодекстердің барлығы өзара байланысты. Демек, осы бағыт­тардың бірі бойынша заңнаманы жетілдірумен айналыса отырып, міндетті түрде басқа бағыттарда не жасалып жатқандығын қаперде ұстау, ескеру қажет, – деген Мә­жіліс спикері енгізілетін барлық түзетулер кешенді сипатқа ие болуға тиістігін нықтады. 
Әйтпесе, бір қайнауы ішінде кеткен, өзара үйлеспеген, жүйесіз қылмыстық кодекстер қазақстан­дықтар тағдырына нұқсан кел­тіруі, қоғамдағы «заңның беделін жоюы» мүмкін. Н.Нығматулин мұны болдырмау үшін уәкілетті органдардың қылмыстық әділет заңнамасын жетілдіру бойынша жұмысын үйлестіру тетігін – ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ойластыруды ұсынды. 
Сондай-ақ ол ҚК, ҚПК, ҚАК құжаттарына жиі-жиі өзгерістер енгізе беруден де бойды аулақ салуға шақырды. «Өмірдің сабағы сол: егер заң нормалары жиі ауыса берсе, оларды ұстану да күрделі болады» деді Мәжіліс басшысы. 
Ол жаңа Қылмыстық-про­цес­тік кодексті қабылдаудың басты бір мақсаты қылмыстық сот ісін жүргізуді жеңілдету болғандығын еске салды. Алайда оның байла­мынша, әзірге шынымен қажет жерінде қылмыстық сот өндірісі қысқарды деп айту қиын: «Атап айтқанда, қылмыстардың 25 пайызы – қылмыстық теріс қы­лықтар мен кішігірім ауырлық­тағы қылмыстар болып отырға­нына қарамастан, тергеудің жеңіл­­детілген формалары әлі күнге кең таралмай отыр. Олар үлкен көлемде құқық қолдану­шының күші мен қаражаттарын шығындауда және қаптаған қиындықтар туындатуда» деді спикер. 
Нұрлан Нығматулин жаңа кодекстердегі кейбір жеңілдік­тердің «жемістері» де алаңдата­тынын ашық айтты: 
– Жәбірленушімен татуласу иститутын қолдануға да диффе­ренциялы түрде келген жөн. Өйткені қазір бір кереғар жағдай қалыптасуда: егер ұры жалпы құны 1 миллион теңгеден аспай­тын көлемде ұрлық жасап, қолға түссе, ол келтірілген шығынды өтеп, зардап шегушімен бітім­гершілік келісімге келуі мүмкін. Осыған байланысты жазадан құтылады. Әрине, бұл бір жағынан ізгі және дұрыс. Алайда егер ол сондай ұрлықпен тағы да ұсталса, дәл сондай схема бойынша қай­тадан жауапкершіліктен құтылып кетуіне ешқандай кедергі жоқ. Ол үшін ең бастысы, ұрлағанының құны 1 миллион теңгеден аспауы болады. Одан асса, онысы «ауыр қылмысқа» жатқызылады да, татуласуға жол берілмейді.
Палата төрағасы осы тәсілді қылмыстық қауымдастықтар өз орайына пайдаланып жатқанын мәлімдеді: «Ұрлық үшін жазадан дәл осы схемамен құтқару – қыл­мыстық бизнестің бір бөлігіне айналды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің куәландыруынша, тіпті арнайы қылмыстық қор құрылған. Егер ұры қолға түсіп қалса, сол қордан жәбірленушінің шығыны өтеледі, ал ұры бостан­дықта қалады да, жаңа ұрлықтар жасайды, сөйтіп, қылмыстық қорды қайта толтырады» деген Нұрлан Зайроллаұлы «татуласу мүмкіндігін тек қылмысты бірін­ші рет жасап тұрғандар үшін ғана қалдыруды» ұсынды: «Сонда бұл тетікті кәсіби қылмыскерлер әділ сот төрелігінен құтылудың амалы ретінде қолдана алмайды». 
Бұл ұсынысқа Бас прокурор Жақып Асанов қолдау білдірді.
– Барлық қылмыстардың жар­тысы – ұрлық. Нұрлан Зай­роллаұлы, біз сіздің айтқа­ныңыз­бен толық келісеміз. Біздің пікіріміз де сондай: заңнаманы өзгерту керек. Мәселен, Жалетов деген адам 7 рет сотталған, оның сыртында 12 рет ұрлығы үшін ұсталған, бірақ 12 рет татуласқан. Осындай кәсіби баукеспелер жауапкершіліктен жалтарып кетуде, заңға бағынған соттардың оларды жазалауға мүмкіндігі жоқ, – деді Бас прокурор. 
Ол тағы бір түйткілді тілге тиек етті. «Екі-үш адам өз басты­ғын қаралап, оған қарсы куәлік етеді. Оған айырбас ретінде сот оларды түрмеге отырғызбайды. Бірақ олардың сөздерінен басқа айғақ заттар жоқ. Бұл айыптаушы үкім үшін жеткілікті ме? Бұл жерде жазықсыз адамға жала жа­былып кетпеді ме?» деп ой тастады Ж.Асанов. 
Ішкі істер министрі Қалмұ­ханбет Қасымов та «15 ұрлық жасаған, бірақ заң талабы бойын­ша қудалаудан босатылған қыл­мыскердің» мысалын алға тартты: 
– Әлденеше рет ұрлық жасау­шылар бүгінде заңдағы олқы­лықтарды пайдаланып, еркінсіп кетті. Оның мысалдары өте көп. Шынында, елімізде тіркелетін барлық қылмыстар арасында ұрлық­тың үлесі 60 пайыздан асады. Сондықтан әлденеше рет жа­салған ұрлықтарды «ауыр қыл­мыс» санатына жатқызу басы ашық, айқын жайт деп ойлаймыз. – деді Қ.Қасымов. 
Жиында ғалымдар мен шетел­дік мамандар да өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті. Парламенттік тыңдау арқылы қылмыстық әділет саласындағы кодекстерді қолдану жағдайына талдау жасалды, осы заңнамалық актілердегі қайшылықтар мен олқылықтарды анықтау және «100 нақты қадам» Ұлт жоспа­рының «Заң үстемділігін қам­тамасыз ету» институттық рефор­масын одан әрі дамыту жолдары белгіленді.

Айкын

[:]