[:kz]
Себебі Европа мұндай инфекциялар болып тұратындықтан (ол кезде шошқа тұмауы өршіп тұрған) сабақ алып, сақадай сай болған.
Ғабит Нұрханұлы есімді дәрігер артық түгіл, күнделікті қолдануға медициналық аппараттар жетпейтінін айтты. Оның пайымдауынша, ертеңін ойлап қызмет жасайтын басшылықтар аз екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көзімен көргенін, көңілге түйгенін Facebook парақшасына жазған ол, Литвада оқыған кезде, ондағылардың операция кезінде бір аппарат істемей қалса, екіншісін қосу үшін артық құрал-жабдықтарды соғысқа дайындалғандай етіп, үйіп-төгіп қойғанын баяндады.
Ал жазба авторының сөзінше, бізде мұндай жағдайдың ауылы алыс көрінеді.
«Мына аппаратты АИК (аппарат искусственного кровообращения) деп атайды. Кардиохирургиялық операция кезінде жүрек пен өкпенің қызметін толық мойнына алады. Себебі жүрекке тамыр тіккенде немесе клапан ауыстырғанда жұмыс істеп тұрған жүректі тоқтатып, қызметін осы аппарат алады.
Фото: Ғабит Нұрханұлының facebook парақшасынан
Бұл аппаратпен жұмыс істеуді Литвада 2010 жылы оқығанмын. Бізді үйреткен тәртіп бойынша, ең алдымен, науқас денсаулығы қауіпсіздігі. Литвада біз болған кардиоорталықта 4 операциялық бөлме, сәйкесінше, 4 АИК болды және бір АИК дәлізде үнемі жиналып тұратын.
Бұл не үшін деп сұрағанда 4 аппаратын біреуі істен шықса, дереу орын алмастыруға керек деген. Содан кейін медициналық аппараттар сақталатын қоймаларын көрдік. Барлық медициналық құралдар соғысқа дайындалғандай үйіп төгіп қойған. Себебі Европа мұндай инфекциялар болып тұратындықтан (ол кезде шошқа тұмауы өршіп тұрған) сабақ алып сақадай сай болған. Кейін қайтадан Қазақстанға келдік. Бір операциялық бөлме — бір АИК оның өзі ескі. Мен айтам былай болмайды, операция үстінде аппарат бұзылса қайтеміз, кем дегенде екі АИК керек деп. Басшылық АИК өте қымбат тұратындықтан алмады. Кейін әйтеуір екінші операциялық бөлме ашылып, екі АИК болды. Айтайын дегенім, бізде ертеңін ойлап қызмет атқарып жүрген басшылықтар аз. Запас түгілі күнделікті қолдануға аппараттар жетпейді. Тіпті, қазірдің өзінде көптеген медициналық мекемелер жайбарақат», — деп жазды ол.
Осы орайда, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге өршіп бара жатқаны еріксіз еске түседі.
Әрине, «Қазіргідей төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелерде арнайы құрал-жабдықтармен күрделі операцияларды жасап жатқанда бір аппарат бұзылып қалса, оны алмастыратын артық құрал бар ма?» деген заңды сауал туындайды. Сірә, дәрігердің де көкейінде осы сұрақ туындаған-ау!? Дегенмен, әрі қарай өрбітпей, «естіген құлақ есебін берер» деп үміттенген секілді…
[:]