[:kz]
Оқиға орнында түсірілген видео 22 тамыз күні таңғы уақытта Instagram пабликтердің бірінде пайда болды. Автордың айтуынша, Toyota Camry және «Запорожец» көліктері соқтығысып қалған, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
Видеоны түсіріп тұрған азаматтың сөзінше, ескі көліктің жанындағы жүргізушінің әбден көңіл-күйі түскен. Видео желі қолданушыларының да көңілін босатты. «Атаға қатты жаным ашып тұр, ол көлігінен де, ақшасынан да айырылған болуы керек», «Мұндайдан жүйке жүйесі сыр беруі мүмкін», «Қарияны ойлап, көңілім босап отыр, көзіме жас тығылды. Оған қаражат жинап, көмектесейік», — деп жазады пікір қалдырушылар. Сондай-ақ кейбірі қарияға екінші рет көлік айдамаған абзал деген пікір білдірді. «Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысында «ЗАЗ» және «Тойота» автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ЗАЗ» автокөлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметінде. Сол арада көпшіліктің назарына ілінген қария табылып, Instagram-да онымен бірге жазба жарияланды. Видеода зейнеткерге қаржы жинау үшін банкте шот ашылғаны айтылады.
[:]