[:kz]
Украина президентінің 25 сәуірдегі жарлығымен қазақстандық ерікті Жасұлан Дүйсембин үшінші дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
30 жастағы Жасұлан Дүйсембин Қостанай облысының тумасы. Ол Ресей әскері басып кіргелі бері Донецк облысындағы Украина Қарулы күштерінің қатарында соғысуда.
Айта кетелік, маусым айының басында Нұр-Сұлтан қалалық ҰҚК департаменті Украинада соғысып жатқан қазақстандыққа қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын.
ҰҚК қазақстандықтың аты-жөнін және қай тарапта соғысып жатқанын жариялаған жоқ. Алайда, қазіргі таңда есімі елге белгілі жалғыз қазақстандық еріктінің Жасұлан Дүйсембин екені анықталды.
Еске сала кетейік, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында «арнайы әскери операцияның» басталғанын мәлімдеді.
[:]