АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Зеленскийді Зеленский еткен Елена туралы не білеміз? (фото)[:]

[:kz]

Владимир Зеленский Украина сайлауында жеңіске жетті. Енді алдағы 5 жылда елді Зеленский басқаратын болады.  Ал оның әйелі Елена бірінші леди атанды. Украинаның бірінші ледиі туралы не білеміз? Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елена Зеленская туралы қызықты ақпараттарды оырман назарына ұсынады. 

Елена 1978 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Алғашында оның тегі Кияшко болған. Жас жұбайлар бір мектепте оқыпты. Дегенмен олар мектеп кезінде бір-бірімен мүлдем араласпаған. Мектеп бітіру кешінен кейін Зеленский көшеден Еленаны көріп, бірге фильм көруге шақырады. Бұл кезде Елена басқа бір жігітпен кездесіп, араласып жүрген еді. Бірақ ол Зеленскийді ұнатып, әлгі жігітпен ара қатынасын үзеді. Олар 8 жылға жуық азаматтық некеде тұрған.

Елена Зеленская

Ⓒantikor.com.ua

«Лена үнемі қашан үйленетініміз туралы сұрай беретін. Ал мен үйленген соң бірден бала-шағалы болатынымызды ойладым. Осы себеппен мен асығыстық танытқым келмеген», — деп еске алады Зеленский.

Елена Зеленская

Ⓒantikor.com.ua

Олар 2003 жылы отау құрады.  Қазір олар бір қыз бен бір ұлдың ата-анасы. 2004 жылы Александра есімді қыз дүниеге келсе, 2013 жылы Кирилл атты ұл өмірге келеді.

Украинаның президенті Еленаны жақын досы ретінде көреді. Тіпті олардың романтикалық кешкі асы да жиналыс секілді өтеді екен.

Елена Зеленскаяның негізгі мамандығы архитектор болса да ол өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Зеленскиймен танысқан күннен бастап оның өмірі күрт өзгере бастады. Оның шығармашылық әлемге деген қызығушылығы артты. Зеленский КВН-ге қатысқан кезде де Елена күйеуінің командасына сценарий жазып жүрген.  Содан ол Зеленский басқарған «Квартал-95»  студиясында сценарий авторы болып қызмет атқарған. Зеленскийдәң көптеген образдары Елананың көмегі арқылы пайда болыпты. Қазір «Зелари Фиш» компаниясының аздаған акциясын иеленген.

 

Елена Зеленская

Ⓒantikor.com.ua

Бір қызығы Елена күйеуінің президенттік сайлауға қатысуына қарсылық білдірген. Бірақ Зеленский нақты шешім қабылдап, ресми мәлімдеме жасаған күннен бастап Елена күйеуіне қолдау білдіріп, сайлауалды жұмыстарға қол ұшын созған. Әзірге бірінші ледидің саяси әлемде қандай қызмет атқаратыны белгісіз. Еленаның өзі журналистерге берген сұхбаттарында әзірге ешқандай жоспары жоқ екенін, тек күйеуіне кез келген жайтта қолдау білдіретінін айтқан.

Сондай-ақ Елена ән айтқанды жақсы көреді. Жасөспірім кезде ол ән байқауларына қатысып, актриса болуды армандаған. Украинаның бірінші ледиі көпшіліктің ортасында жүргенді аса ұнатпайтын көрінеді.

«Мен көпшіліктің назарында жүргеннен рахат алатын адамдардың қатарынан емеспін», — дейді Елена.

Елена Зелеская

Ⓒantikor.com.ua

Жергілікті БАҚ өкілдері қазіргі таңда Елена Зеленскийдің киім-киісі мен хоббилері туралы жарыса жазуда. Елена қымбат киінгенді аса ұнатпайды екен. Ол биік өкшелі аяқ киімнен гөрі спорттық ыңғайлы аяқ киімді таңдайды. Қазіргі таңда Елена өзінің имиджін өзгертуге тырысып жатырғаны байқалады.

«Қамшы» сілтейді

[:]