АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Жабайы долананың емі[:kz]Жабайы долананың емі[:]

[:kz]

images (1)Жабайы долана таулы жерлерде, тау аңғарларында, қалың бұталар арасында, өзен жағасындағы орман ішінде өседі. Алтай, Тянь-шань тауларынан көбірек табылады.
Оның жемісі, жапырағы, тамыры, гүлі де дертке шипа болады. Жемісін күзде піскен кезде жинап алып кептіреді. Қуырып, солғын сары түсті болғанда қолданады. Жапырағын күзде жинап алып, кептіріп сақтайды. Тамырын жазғытұрым және күзде қазып, кептіріп, турап сақтайды. Гүлін гүл ашқан кезде жинап, көлеңкеде кептіріп дайындайды.

Ол қышқыл дәмді, жылы райлы, усыз. Көкбауырды қуаттандырып, тамақ сіңіреді. Желді айдайды. Қан тасуға ем болады. Сондай-ақ, төмендегідей түрлі дерттерді емдеуге пайдаланылады:
1. Ас қорыту бұзылғанға: Қуырылған долана, қуырылған арпа өркені, лобы ұрығы мен мандарин қабығын әрқайсысынан 9 г-ды суға қайнатып ішеді.
2. Дизентерияға: Долана мен қара шекердің әрқайсысынан 30 г-ды суға қайнатып, күніне 2 рет ішеді.
3. Баланың ас қорытуы бұзылғанда, іші өткенде: 9 г қуырылған долана, 6 г қарандыз, 5 г киелі ермен, 9 г жау жұмырды суға қайнатып ішеді.
4. Босанғаннан кейін іш ауырғанда: 60 г қуырылған долана, 3г мақсары, 9 г арпабедиянды суға қайнатып, күніне 2 рет ішеді.
5. Біршама уақыт белгілі мөлшердегі долана гүлін шай орнына ішсе, қан қысымын төмендетеді.

Әзірлеген — Күміс Қалтыкей

http://www.kazakhstanzaman.kz/

 

[:]