[:kz]
Танымал әнші Қайрат Нұртас Павлодар жағалауындағы Ertis Promenade сахнасында өткен концерттің басты қонағы болды. Іс-шара мемлекеттік рәміздер күні құрметіне ұйымдастырылған. Мерекелік кеште өнер иесінің жанкүйерлері қоршау сыртында тұрмай, сахнаға қарай ұмтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауыша, Ertis Promenade сахнасындағы концерт 3 маусым күні өткен. Іс-шарада Иса Байзақов атындағы филармония әртістері, Ибрагим Ескендір, Kalifarniya мен Қайрат Нұртас ән шырқаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көптің сүйіктісі Қайрат Нұртас өнер көрсетіп жатқан кезде көрермендер сахнаға қарай жүгіріп, әншіге ұмтылған. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнежазбаны көрген қазақстандықтар өнер иесінің жанкүйерлерінің іс-әрекетін сынап тастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Жабайылар», «Құдай-ау, сонша не болды», «Қонақтардан ұят болды-ау», «Мұндай адамдар үшін мен ұялып отырмын», «Жарайсыңдар, қаламыздың атын шығардыңдар», «Түк көрмеген сияқтысыңдар», — деп жазуда олар. Дегенмен павлодарлықтардың іс-әрекетіне түсіністік танытқандар да табылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Жанкүйерлері әншімен жақынырақ танысқысы келді, онда тұрған не бар», «Балаларды қуып жатыр ма?», «Әншілер Павлодарға жиі келуі керек, сонда сағыныштары басылады», — дейді оқырмандар.
[:]