АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жаға ұстадым»: Жорабаева пәктігін сатпақ болған қызды масқара еткендерге шүйлікті[:]

[:kz]

Алтынай Жорабаева да пәктігін сатпақ болған қызды эфирге шығарған бағдарламаға шүйлікті. Әнші оқуынан шығарылып, ата-анасын жерге қаратқан бойжеткеннің ісіне бей-жай қарай алмайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева, Айнұр Жәнібекова. Фото: Әншінің жеке парақшасы, 7 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева, Айнұр Жәнібекова. Фото: Әншінің жеке парақшасы, 7 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

«Нұрболхан Шарапов бауырымның жазғанын оқып, жағамды ұстап отырмын. Қаршадай қызды бүкіл елдің алдында осылай шығарып отырғандарға айтар сөзім жоқ.

Өнер адамы болып, xалықтың алдына шығып жүрген соң, мұндай масқара жағдайларға бей-жай қарай алмаймын. Ұлтымызды, дінімізді, құндылықтарымызды қайдағы жоқ тақырыптар қозғап, осылай құрту, бізге тән қасиет пе ағайын!?

Ал қыздың өмірі не болды? Осындай жағдайдан кейін оқудан, жатақxанадан қуылыпты. Ата-анасы елге қарай алмай отыр екен», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, отандық бағдарламаға келген ару пәктігін екі млн теңгеге бағалаған болатын. Бойжеткен тапқан ақшасына оқуының ақысын төлеп, қайтадан жасанды пәктік салдырмақ болған.

Алайда студент қыз танымал әзілкешпен сұқбат барысында ол бағдарламада тек рөл ойнағанын мойындаған.

Кейін танымал әзілкеш бойжеткенді оқу орнынан шығарып жібергенін де мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт жас қыздың тағдырымен ойнаған әріптестеріне шүйлікті.

[:]