[:kz]
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифин барысында қаладағы жпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Алматыда қазанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы күрделене түсті. Ауру өсімі байқалады. 19 қазанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10 дерек жергілікті, 2 дерек шетелден әкелінген. Тұрғындар вирусты Мысырда жұқтырған», — дейді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер инфекцияның таралуы жайлы түсіндірді. Қазіргі таңда барлық қажетті шаралар жасалып жатыр.
«Аурудың тәуліктегі өсімі 0,05 пайыз болды. Репродуктив сан, яғни инфекцияның таралуының индексі 1,06 болды. Бұл индекс бірден өссе, бұл індет өсіп жатқанын көрсетеді. Алматыда коронавирус жұқтырудың 14 539 зертханалық расталған дерегі тіркелді», — дейді Бекшин.
Еске салсақ, Алматыда қоғамдық көліктер 23:00-ге дейін жүретін болды
[:]