АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жағдай нашар: Алматы әкімдігі коронавирус өршіді деп дабыл қақты [:]

[:kz]

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров инфекция жұқтырғандардың көбеюіне байланысты аудан әкімдіктерінің басшылығына бақылау топтарының санын көбейтуді тапсырды.

«Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша инфекцияның репрезентативтілік коэффициенті бірден асып, аурушаңдық деңгейі соңғы 7 күнде халықтың 100 мыңына шаққанда 47,5 адамды құрады. Жаңа жағдайлардың 23 пайызы сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде, 22 пайызы қоғамдық көліктерде орын алады», — деп хабарлады әкімдік.

Алматыда әуежайда санитарлық нормалардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударылатын болады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда ПТР сертификаты болмаған. 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні 200-ден астам жолаушы сертификатсыз келді.

Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханаларда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталады.

«Жалпы алғанда, 1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, оның 67-сінде карантиндік талаптарды бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушылық фактісі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды», — дейді ол.

Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]