[:kz]
Жағдайым мәз емес, бірақ шыдап келемін.
Аша Матай денсаулығы жайлы айтып оқырмандарын алаңдатып қойды. Оның жазбасы көпшіліктің көңілін түсірді. Бірі жеке өмірі жайлы сұрап жатыр, деп жазады stan.kz ақпарат порталы.
«Жағдайым мәз емес, бірақ шыдап келемін. Жақындарыма рахмет. Қамқорлық үшін көп рахмет. Күз өзімен суықты ала келді. Суық тию, қабыну, гайморит. Аллаға шүкір балалардың денсаулығы жақсы. Әрқашан жылы болатын жерде тұрғым келеді. Жыл сайын суыққа төзу маған қиын болып тұр. Суық маған жақын емес. Қоныс ауыстыруды ойластыратын уақыт келген сияқты. Қандай нұсқалар бар, кім кеңес бере алады? Қайда көшуге болады?», — деп жазды әнші.
Бұған дейін Аша мен Арманның ажырасып жүргені желіде жария болды. Бұған қатысты жұлдызды жұп пікір берген жоқ. Желі қолданушылары Ашаның жазбасына жеке өміріне қатысты мәселе себеп болды деп болжады.
«Неге көшесіз? Қай жеріңіз ауырады?», Шымкентке көшіңіз, содан жақсы жер жоқ», «Бәрі жақсы ма, денсаулығының сыр берді ме?», «Арман екеуіңіздің араңыз қалай?», «Дубайға, Түркияға көшіңіз», — деп жазды олар.
[:]