[:kz]
Алматыда қойма өртенді: Жақын маңдағы үйде тұратын қалалықтар лак-бояу өнімдері бар қоймалардың қалай жанып жатқанын бақылауда. Олардың қатарында KAZ.NUR.KZ тілшілері қойған сұраққа жауап бергендер де бар.
![Фото: KAZ.NUR.KZ. Фото: KAZ.NUR.KZ.](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/35a4b611e9a9d196_w.jpeg?imwidth=900)
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Көше тұрғындары осы уақытқа дейін қоймаларға бірнеше рет шағымданғанын айтады.
«Одан үнемі жағымсыз, сасық иіс келіп тұрды. Тыныс алу мүмкін емес. Ерте ме, кеш пе бәрібір жанып кететіні анық еді», — дейді тұрғындар.
![Фото: KAZ.NUR.KZ. Фото: KAZ.NUR.KZ.](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/6c7ac0ead67ac032_w.jpeg?imwidth=900)
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Су тасымалдаған тікұшақ шамамен 10 рет ұшып өтті.
Полиция қызметкерлері өртке ешкімге жақындатпайды.
Қоймаларда әрбір 5-7 минут сайын ыдыстардың жарылып жатқаны естіледі.
[:]