АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Жағымсыз жаңалықпен бөлісуді қаламап едім” Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова COVID-пен ауырып жатыр [:]

[:kz]

 

Әнші, продюсер Мөлдір Әуелбекова қазіргі сәтте аурухана жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші еліне әлемді жаулаған дерт өзін айналып өтпегенін айтты. Және бұл өте қауіпті екенін, оқырмандарынан сақтанып жүрулерін өтініп сұрады.

“ Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді… Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, Сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым.
Бірнеше уақыттан бері біз (ішіндегі баласы) COVID-19 — бен ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір. Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші!  COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды. Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық! Аман болайық! Сау болайық! әмин! » — деп жазба қалдырды.

 

 

 

[:]