[:kz]
QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», — деп хабарлады ұлттық компания.
«QazaqGaz» директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланған.
Ернат Бердіғұлов «QazaqGaz» директорлар кеңесінің төрағасы болғаны айтылды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин.
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы былтыр QazaqGaz болып өзгертілген болатын.
[:]