[:kz]
Жақында ғана өзінен 20 жас кіші арумен отау құрған Сержанәлі Әлібектің отбасында үлкен қуаныш. Әншінің келіншегі Ақбаян шекесі торсықтай ұл баланы өмірге әкелді.
«Анаңа, анаңа, анаңа, сонан соң әкеңе жақсылық жаса деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші, достар.
Алла берген жан жарыма рахмет. Бүгін – біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар болсын. Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл сыйлады. Сүйінші, ағайындар, сүйінші! Әке болғаныма сенбей отырмын», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.
Еске сала кетейік, Сержанәлі Әлбек 19 мамырда өзінен 20 жас кіші қызға үйленген еді. Көпшілік олардың жас айырмашылығын қатты сынға алған.
sn.kz
[:]