[:kz]
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Роза Қуанышқызы келінінің туған қаласы Атырауға барып, ұзатып алды. Қазақтың салт-дәстүріне сай құда түсіп, қоржын беріп келінін алып қайтқанын айтады.
«Ақеркенің туған қаласына барып, ата-анасымен таныстық. Бес адам болып бардық. Қазақтың салтына сай, ата-анасымен танысып, сырға салып, құда түстік. Қазақпыз ғой. Сондықтан қазақтың дәстүріне сай барлық жоралғыны жасадық. Киітін беріп, қоржынын жасадым. Той үлкен болған жоқ, шағын ғана адаммен құдаларымыздың үйінде болды. Біз бір күнде барып, бір күнде қайтып кеттік», — деді халық әртісі.
Айтуынша, ұзату тойды шағындап атап өткенімен үлкен тойды жасауға асық емес. Оған қазіргі күрделі жағдай себеп. Карантин талаптарын бұзбай, бәрі тынышталғанда ғана тойлайтынын атап өтті.
[:]