[:kz]
Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының 12 экипаж мүшесі мен жолаушысының есімдері белгілі болды
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері жарияланды.
Әскери көлік Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесіне тиесілі болатын, деп жазады lada.kz.
Басылым мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар – экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б. Айтбаев және борттың техникалық маманы, майор Тимур Құдайбердиев.
Басылым мәліметіне сүйенсек, тікұшақ Ақтаудан жергілікті уақыт бойынша 09.03-те ұшып шығып, Бейнеуге барған, сол жерден 12.36-да Крайний әуежайына аттанады. Ал 17.50-де МИ-8 Шымкентке бағыт алған, 18.30-да Жалағаш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай он бес километр жерде тікұшақпен байланыс үзілді.
20:00 кезінде оқиға орнына тікұшақ ұшып келді, жақын жердегі 56597 әскери бөлімшеден 30 адам аттанды, деп хабарлайды басылым авиациялық әскери бөлімшеге сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 27 наурызда «Алтын жебе» атты арнаулы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған тікұшақ Қызылорда облысында кеш құрым, ауа райы қолайсыз шақта апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиғаны тергеуді қорғаныс және ішкі істер министрліктері қолға алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
[:]