АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жалаңаш далаға шығарып жібереді: Нұр-Сұлтандық келіншек 8 жасар қызын қатал жазалаған[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде Ильмира Жұмат есімді қолданушы дәлізде ұйықтап, далада жалаңаш жүрген кішкентай қыздың суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ильмира Жұмат елордалық келіншектің әрекетін айтып, ананың қатігездігін тілге тиек етті. 

«Тағы бір оқиға. Осы жазбадан кейін көп балалы келіншекті ана деп айту қиын болады. Ол өзінің қызын үнемі осылай жазалайды екен. Қазір дала қатты суық екенін білеміз. Кейбір адамдар балаға зар болып жүр. Ал кейбір аналар осындай жауыздық жасайды. Ертең барып оқиғаның мән-жайын анықтайтын боламыз. Суреттердің бірінде қыз дәлізде суық жерде жатыр. Ал қалған суреттерде іш киіммен және жалаң аяқ далада отыр», — дейді Ильмира Жұмат.

 

Оқиғаға қатысты құзырлы органдар түсініктеме берді. 

«Целиноград ауданының қамқоршылық органдары аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен мән-жайды анықтау және анасына қатысты шара қолдану үшін оқиға орнына барды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады. Бұл факт білім беру бөлімінің бақылауында», — дейіді аудандық қамқоршылық органының баспасөз қызметі. 

Бастапқыда оқиға Ақмола облысында болды делінген. Артынша отбасының Нұр-Сұлтан қаласында тұратыны анықталды.

«Ильмира Жұматтың жазбасы жарияланды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, қыз Ақмола облысында емес, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа шағынауданында тұрады деп түсіндіреміз. Осы факт бойынша мән-жайларды анықтау жалғасуда», — дейді аудандық білім басқармасы. 

[:]