АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жалғыз емеспін»: Үш рет тұрмыста болған Керімбекова бүгінде сүйіктісі бар екенін айтты[:]

[:kz]

Картинки по запросу Ақбота Керімбекова

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнерінде жолы болғанымен, жеке өмірі сәтсіздікке толы. Алайда, осымен үшінші рет ажырасып кеткен өнер иесі өзінің шынайы бақытын табуға үмітін үзбейтін көрінеді. Эстрада жұлдызы бүгінгі күні арқа сүйер азаматы бар екенін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ «ShowNewsKz» бағдарламасына сілтеме жасап.

 
 

Ақбота Керімбекова үш мәрте тұрмыс құрғанымен, некелері сәтсіз аяқталған. Бүгінгі күні өнер иесі бір өзі үш баласын асырап, тәрбиелеп келеді.

Ер мінезді әрі жігерлі әнші қалай болғанда өз бақытын табатынына күдерін ешқашан үзбеген. Ол бүгінгі күннің өзінде тағы да қарым-қатынас бастағанын айтып қалды.

Шоу-бизнес жұлдызы көңіл жарастырған азаматы бар екенін мәлімдегенімен, ол туралы қандай да бір мәліметпен бөлісуден бірден бас тартты. Аузы күйген әртіс енді жеке өмірін жасырын ұстауды жөн көрген.

«Астарлап айтып тұрмын ғой. Жалғыз емеспін. Ол кісі жайлы ештеңе айтпай-ақ қояйын. Жеке өмірім туралы енді ештеңе айтпаймын. Тыныш өмір сүріп жатырмыз» , — деді эстрада өкілі.

 
 

[:]