АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Жалғызбасты ана супермаркетте жаялық ұрлағаны үшін жауапқа тартылды[:]

[:kz]

Ақтөбеде әйел жөргек пен алкогольді ұрлап, сөмкесіне тығып, кішкентай қызының велосипедіне іліп супермаркеттен ұрлап әкеткен. Осылайша, ол тауарды төлемей кассадан өтіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Диапазон» басылымының мәліметінше, әйел велосипед мінген кішкентай қызымен бірге сауда павильонына кірген. Әйел сөреден бірнеше жаялық, ром мен виски бөтелкелерін алып, оны пакетке салып, қызының велосипедіне іліп қойған. 

 

Кассирші ұрланған тауарларды әйел баланың пакетіне жасырады деп ойламаған. Сондықтан жалғызбасты ана дүкеннен тауарын алып шығып кеткен. 

Ішімдікті әйел көшедегі адамға бере салған, ал ақшасын өз қажетіне жұмсаған.

Нәтижесінде жалғызбасты ана ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке ілінді. Үкім шықпай тұрып, әйел екі жақ татуласу үшін дүкенге келтірілген залал – 35 мың теңгені төлей алмаған.

Сот оны ұрлық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеді (жазаны ол үйде өтейді, бірақ кейбір шектеулер болады). Егер ол режимді бұзса, онда ол жазаны колонияда өтейтін болады.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

[:]