АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жалғыздық сезiмi адамның ерте өлiмiне әкелуi мүмкiн – ғалымдар[:]

[:kz]

 

Копенгаген университетiнiң (Дания) ғалымдары жалғыздық сезiмi жүрек-қан тамыры ауруларының асқынуына және адамның ерте өлуiне әкеледi дейдi. Бұл жайында EurekAlert баспасөз хабарламасында айтылған.

Зерттеуге жүрегiнiң түрлi ақаулары бар 13 436 пациент қатысқан. Олар сауалнама толтырып, өз физикалық және психологиялық денсаулығы, өмiр сүру салты, зиянды әдеттерi мен басқа адамдармен бiрге тұруы жайлы мәлiметтерiн көрсеткен.

 

Зерттеу нәтижесiнде пациенттердiң жалғыздығы мен әлеуметтiк оқшаулануы жүрек-қан тамыры ауруларының асқынуына әкелетiнi анықталған. Бұл жағдайда ерлер мен әйелдердiң ерте өлу қаупi шамамен екi есеге артады екен. Сондай-ақ, жалғыздық сезiмi депрессия, алаңдаушылық пен өмiр сүру сапасының нашарлауына себепкер болатыны анықталды. 

 

baq.kz

 

[:]