АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаманқұлов: Ізіме түсіп, мен тұрмақ әйеліме дейін кинодан қуылдық[:]

[:kz]

Тұңғышбай Жаманқұлов басына қара бұлт үйріліп, өнердегі достарына дейін сатқындық жасап кеткені жайлы айтты Актер Тұңғышбай Жаманқұлов бүгінде өнерден шеттетіліп, кино әлемінен ашық қуылғаны туралы айтты. Актер тіпті осыған дейін 40 шақты кинода басты рөлді сомдап, театрда 70 басты кейіпкерді ойнағанына қарамастан Әкем театры атанған қара шаңырақтың мүшесі бола тұра 70 жасқа толған туған күні тойланбай, елеусіз өткеніне ренжіді, деп жазды KYN.KZ «Уақыт көрсетеді» жобасына сілтеме жасай отырып.

 

«Сатыбалды Нарымбетов мені талай фильмге басты рөлге түсірген. Қазір театрдамын, онда жұмысым жалғасып жатыр. Осы кино саласына келгенде ұяттымын. Соңғы кездері ұят та болса режиссерлермен өзім сөйлесетін болдым. Айтатындары «Жылтылдап көп шығасыз.

 

Жаңа бет-бейне керек. Жастарға жол беріңіз» дейді. Бұл жай сылтау. Белгілі ғой халыққа мұның артында кім тұраны.Енді ол жігітпен кезінде талай жұмыс істедік, бұл енді бетімді жылы қайтарғаны болды. Не дейміз өмір жасы ұзақ болсын»,- деді актер.

 

Тұңғышбай Жаманқұлов өзін киноға түсірсе продюсерлер мен режиссерлерге қысым болатынына сенімді. Ол кино әлемінен өзі ғана емес, келіншегі де ашық қуылып отырғанын айтты. Себебі ешкім өнерлі отбасымен қазіргі кезде жұмыс істегісі келмейді.

 

Талай батырдың образын сомдаған алып денелі Жаманқұлов қазақ киносына да жан бітіріп, елдің ықыласына бөленген кезі болды. Қазір актерге тіпті өзі жұмыс істейтін Әуезов атындағы театрда айтарлықтай құрмет жоқ. Себебі, Тұңғышбай Жаманқұловтың 70 жас мерейтойы да айтарлықтай атап өтілмеген. Тек жекелеген әкімдіктер мен шенеуніктер құттықтау хатын жолдап қойыпты.

 KYN.KZ 

[:]