[:kz]
Өз қаражатың, өз нарығыңда айналмаса, тұтынушы ел болып отыра берсек, экономикаң ауру мал секілді ешқашан қоңданбайтыны анық!
Бұдан бұрын отандық қуыршақтар брендін қалыптастырып, кейіннен «Қарақат» мектеп-студиясының жұмысын жолға қойған белгілі әншілер Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов шұлық өндіретін зауыт ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бала кезімізде әжемнің «магазинінен» тек қана жамау «носкилер» киетінбіз. Жаңа носки деген түсінік жоқ. «Носки» деген нәрсеге ешқашан көңіл бөліп қарамаппыз. Түсінікті болу үшін – жобалап есептеп көрейік. Қазір ешкім жамау кимейді. Қазақ елінде 18 миллион адам бар делік. Әр адам 1 жылда 50 жұп шұлық алады делік. 18 000 000Х50=900 000 000 миллион шұлық болады екен. Енді әр шұлық = 500-теңгеден деп есептесек, 900 000 000х500=450 000 000 000 миллиард!
Бұл дәл болмаса да, біздің нарықта жылына 300 миллиардқа жуық сіздер мен біздердің қаражатымыз айналады екен. Ең өкініштісі, «Носкиден» түсетін осы қомақты қаражат біздерге носки әкеліп сататын қытай, түрік, европа сияқты шет елдерге кетіп жатқанына 28 жыл болды. Тек носкиден біздердің игілігіміз бен дамуымызға жұмсалатын қаншама триллондаған қаражат суша ағып шет елдерге кетіп жатыр?
Өз қаражатың, өз нарығыңда айналмаса, тұтынушы ел болып отыра берсек, экономикаң ауру мал секілді ешқашан қоңданбайтыны анық! Сондықтан қолымыздан келгенше,өзіміз әрекет жасайық! Бұл нарықтың талас-тартысы! Ешкім күн астындағы орнын бергісі келмейді.
Бас қосайық, бірігейік бауырлар!» — деп желіде жазба қалдырды.
[:]