[:kz]
Жарылыс сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат кешкі 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт болды.
Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Төтенше жағдай орнына өрт сөндіру бригадалары тартылды.
Оларға Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетеді, — деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт көзін жою жұмыстары жалғасуда. Себептер анықталуда.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
[:]