[:kz]
Жамбыл облысында коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Алгоритмге сәйкес үйлестірілген іс-қимыл нәтижесінде бес мүшесі бар аталмыш отбасы шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантин стационарына жатқызылған.
«Зертхана талдауы бір адамда вирус бар екенін көрсетті, отбасының басқа мүшелерінің талдауы теріс нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды, қалғандары карантин стационарында медициналық бақылауда қала береді. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, қазір қажетті эпидемияға қарсы шаралар жасалып жатыр», — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше түнде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екінші адам тіркелген болатын.
Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандар саны 112-ге жетті.
[:]