[:kz]
Еліміздің қорғаныс министрі онлайн-брифинг барысында Жамбыл обысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарын жою кезінде бірнеше адамның жоғалып кеткенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. «Әзірге біз үш әскери қызметкер мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше адамымен байланыс орната алай отырмыз. Біз олар аман-есен деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізілуде», — дейді Нұрлан Ермекбаев.
Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин байланысқа шықпаған қызметкерлері іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Еске сала кетсек, бұған дейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан төрт адамның қайтыс болғанын хабарлады. «Біріншіден, өрт сөндіру кезінде қайтыс болған төрт әскери қызметкердің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деді министр.
Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ, жарылыстан зардап шеккендер саны 88-ге жетті. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Жарақат алғандарға Тараз қалалық ауруханасы мен Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылған.
[:]